$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Ақтөбе облысының 10-нан астам ауданына медициналық мекеме салынады

Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Ақтөбе облысының 10-нан астам ауданына медициналық мекеме салынады
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының 10-нан астам ауданына жемқорлардан қайтарылған 1,4 млрд теңгеге медициналық мекеме салынатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді.

Қаражат 11 нысанның – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пунктер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пунктер:

  • Ырғыз ауданы, Нұра ауылы;
  • Байғанин ауданы, Ноғайты ауылы.

Сондай-ақ медициналық пунктер:

  • Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы;
  • Шалқар ауданы, Сарысай ауылы;
  • Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы;
  • Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы;
  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы;
  • Ырғыз ауданы, Жарма ауылында салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

  • Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы;
  • Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы;
  • Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

«Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген Үкіметтің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары