$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында шенеунік жетім баланың үйін тартып алғаны анықталды

Ол екі жыл бойы бұл үйде заңсыз тұрып келген

Ақмола облысында шенеунік жетім баланың үйін тартып алғаны анықталды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында әкімдік жетім балаларды үйсіз қалдырмақ болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

«33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған.

Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда.

Жұмыс жалғасуда», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары