$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда қанша хорватиялық компания жұмыс істейтіні белгілі болды

Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады

Қазақстанда қанша хорватиялық компания жұмыс істейтіні белгілі болды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесу өткізді.

Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді.

Президент хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады.

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады. Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды.

Бұдан бөлек, кездесуде мәдениет және білім салаларындағы байланыстарды нығайту перспективасы талқыланды.

Серіктес жаңалықтары