$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жаппай кітап оқитын ұлт»: Қарағанды облысында жаңа жоба бастау алды

Облыс әкімі жоба жайлы түсіндіріп өтті

«Жаппай кітап оқитын ұлт»: Қарағанды облысында жаңа жоба бастау алды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ұлттық кітап күніне байланысты өңірде жаңа бастама қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймақ басшысы өз сөзінде жоба кімдерге арналғанын түсіндіріп өтті.

«Бүгін – Ұлттық кітап күні. Бұл күн арқылы елімізде кітап оқудың пайдасы мен мәдениеті насихатталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде прогрессивті ұлтқа айналу үшін кітапты бала кезден бастап оқуға дағдылану қажеттігін атап өткен еді. Сондықтан Қарағанды облысында «Жаппай кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында жаңа жоба қолға алынды», - дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Айтуынша, бұл – әртүрлі жастағы жеткіншектерге арналған іс-шаралар сериясы. Олардың қатарында:

  • оқушыларға арналған оқу байқаулары,
  • студенттерге арналған пікірталастар,
  • мұғалімдерге арналған интеллектуалды куиздер,
  • ұрпақтар сабақтастығына арналған отбасылық форматтар бар.

«Бұл жоба балаларымыздың сыни ойлауын, ой-өрісін және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосатынына сенімдімін. Осы орайда ата-аналардың, мұғалімдердің және бүкіл халықтың қолдауы ерекше маңызды. Оқу әдетін қалыптастыру – тек мектептердің ғана емес, барлығымыздың міндетіміз.

Кітап – саналы ойлаудың негізі. Бұл бір реттік науқан емес, тұрақты салтымыздың бастауы болады деген сенім мол», - дейді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Айта кетейік, бүгін, яғни 23 сәуір күні Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні мерекесі атап өтіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары