$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияда қатты жер сілкінді

Silivri жағалауында екі рет жер сілкініп, халық үрейде отыр

Түркияда қатты жер сілкінді
Фото: istockphoto.com

Түркияның Ыстамбұл қаласына қарасты Silivri ауданында бүгін екі рет жер сілкінісі тіркелді. Бірінші дүмпу Мармара теңізінде, Silivri жағалауы маңында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апат және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) деректеріне сәйкес, алғашқы сілкіністің магнитудасы 3,9 болған. Ал екінші сілкіністің күші 6,2 магнитудаға жетіп, Ыстамбұл мен оған іргелес аймақтарда үлкен дүрбелең туғызды.

Куәгерлердің айтуынша, екінші сілкініс шамамен 10 секундқа созылып, қала тұрғындары қатты қорыққан. Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая ресми мәлімдеме жасап, AFAD және өзге де жауапты құрылымдарды тексеріске шығарып, жағдайды бағалауға кіріскенін айтты.

«Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне байланысты AFAD және тиісті мекемелердің барлық топтары аумақтық тексеру жұмыстарын бастады», – деді министр.

AFAD-тың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, жер сілкінісі 6,99 шақырым тереңдікте болған. Kandilli обсерваториясы бұл сілкіністің магнитудасын 4,0 деп жариялаған. Дүмпулер Стамбулмен қатар, көршілес аймақтарда да анық сезілген.

Серіктес жаңалықтары