«Оның жүрегінен төккен мейірім»: «Жігіттер» тобының әншісі анасының аяқ-қолын уқалап, жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)
Жұрт әншінің бұл ісін үлгі етіп, жылы лебіздерін білдірді

«Жігіттер» тобының әнші Ердос Қанаев анасының аяқ-қолын уқалап, жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші желідегі парақшасында жазба қалдырып, видео жүктеді. Онда Ердос Қанаевтың анасының аяқ-қолына массаж жасап, артынша құшақтап жатқанын көруге болады.
«Анашым. Анаңа деген құрметің – Аллаға деген махаббатынның өлшемі… Оның жүрегіне төккен мейірімің – өзіңе қайтар нұр, қаталдығың – жолыңды бөгер тосқауыл…Разылығы – жетістігіннің бастауы, реніші – сүрінер тұсың…
Жасаған әр жақсылығың – өміріңе егілген сауап дәні, немқұрайдылығың – өзіңе оралатын үнсіз жазылған тағдыр таразысы…» – деп жазды Ердос Қанаев.
Желі қолданушылары әншінің бұл ісін үлгі етіп, жылы лебіздерін білдірді.
«Көз қуанышыңыз ғұмырлы болсын!», «Анаңыз нендей бақытты жан, өзіңіздей саналы ақылды иманды ұрпағы бар», «Ұлзейнет апайым аман болсын апайым ауырмасын! Аналарымыз аман болсын!», «Ана үшін баласы нешеде болсада сәби. Аналар жүз жасасын!», «Жұмақтың кілті ананың табанында. Алла ұзақ ғұмыр нәсіп етсін!» - деп жазды желі қолданушылары.