БҚО-да білім бөлімі 1200-ден астам оқушыны аш қалдырмақ болған
Заңсыз әрекеттер анықталды

БҚО-да білім бөлімі 70 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу арқылы 1249 баланың құқығын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 29 қаңтарда Сырым ауданының білім бөлімі ауылдық мектептерде 1-4 сынып оқушылары 1248 бала үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 71 720 388 теңге сомасына 9 конкурс жариялады.
Конкурстық құжаттаманы зерделеу арқылы білім бөлімі әзірлеген перспективалық мәзір санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
«Белгілі бір күндерде балалардың күнделікті рационына кіретін сүт, қант және май жетіспеді. Сонымен қатар, мәзірге 5 компоненттен тұратын күрделі салат енгізілген, бұл денсаулық сақтау министрінің «қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының талаптарын бұзу болып саналады.
Сондай-ақ, перспективалық мәзірде тиісті 200 гр шырынның орнына бұл сусынның төмен көлемі көрсетілген, яғни 165 гр», - делінген прокуратура хабарламасында.
Сырым ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды.