23.04.2025, 10:32
Жаңалықтар
Жезқазғанда үш жасар сәбиді соққыға жыққан балабақша тәрбиешісі сотталды
Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com
Жезқазған қаласында үш жасар сәбиді соққыға жыққан балабақша тәрбиешісі сотты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.
«Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды.
Сот үкімі күшіне енді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді