Астана аспанында алпыстан астам әскери ұшақ парадқа дайындалып жатыр (ВИДЕО)
Әуе шеруін авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров басқармақ

Қазақстанның әуе қорғаныс күштері Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Әуе шеруіне армиялық, майдандық және әскери-көліктік авиацияның 60-тан аса ұшағы қатысады.
«Елорда көгінде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ең үздік экипаждары ұшады. Әуе шеруін Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров басқарады», - деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад 7 мамыр күні Тәуелсіздік алаңында өтеді. Шеруге 4 мыңға жуық әскери қызметі, оның ішінде 200-ге жуық әскери қыздар қатысады. Сондай-ақ 200-ге жуық әскери техника да парадқа шығады.