$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент билігі Берденовтің күдіктінің әйеліне қырындағаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты тергеу жалғасуда

Шымкент билігі Берденовтің күдіктінің әйеліне қырындағаны туралы қауесетті жоққа шығарды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Шымкент әкімінің орынбасарын атып кеткеннен кейін әлеуметтік желіде қылмыстың себебіне қатысты түрлі қауесет тарады. Алайда қала билігі бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде әкімнің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасауға күдіктінің әйеліне қырындауы себеп болды деген жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Бұл жағдайға қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова да түсініктеме берді. Оның айтуынша күдіктінің әйелі Берденовпен таныс болмаған.

 "Полиция бөлімшесінде ұсталған азаматтың әйелімен сөйлестім. Әйел куәлік беруге келіп, Берденовті танымайтынын айтты. Мұндай жағдайда қырындау туралы не айтуға болады? Тергеу қорытындысы жоқ, сот үкімі шықпады, сіздерге айып тағуға кім құқық берді?! Мен бөтеннің әйеліне қырындапты деп айтып қана қоймай, күдіктінің әрекетін ақтайтын адамдарды түсінбеймін», - дейді Жұмағұлова.

Ол БАҚ өкілдерін, блогерлер мен құқық қорғаушыларды заңды бұзбауға және жалған ақпарат жарияламауға шақырды.

Еске салайық, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке ота жасалып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.

Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Кейін оқиға орнында түсірілген видео жарияланды.

Серіктес жаңалықтары