$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Синоптиктер 22 сәуірде ауа райы қандай болатынын болжады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктер 22 сәуірде ауа райы қандай болатынын болжады
Фото: pixabay

Сейсенбі, 22 сәуірге жасалған ауа райы болжамын «Қазгидрометтің» синоптиктері ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 градус жылы.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 21-23 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 7-12, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы.

Оралда күндіз көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, күннің соңында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 24-26 градус жылы.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 градус жылы

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 16-18 градус жылы.

Қарағандыда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 16-18 градус жылы.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 18-20 градус жылы.

Қызылордада ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус жылы.

Таразда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 градус жылы.

Серіктес жаңалықтары