$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда есірткі жасырып кетіп жүрген 2006 жылғы жігіт ұсталды

Ол шағын аудандардың бірінде қолға түсті

Алматыда есірткі жасырып кетіп жүрген 2006 жылғы жігіт ұсталды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы қаласының шағын аудандарының бірінде есірткі жасырып кетіп жүрген 2006 жылы туған жас жігітті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның ерекше иісті, ақ ұнтақ заты бар байламдар алып жүргенін анықтады.

Алдын ала анықталғандай, тәркіленген зат синтетикалық есірткі болуы мүмкін.

«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, Алматы полициясы жастарды «жеңіл ақша» деген желеумен есірткі тарту аса қауіпті құбылыстардың бірі екенін еске салады. Бетбелгі қоюшыларды анықтау және ұстау жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Серіктес жаңалықтары