$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда салмағы жеті келіге жуық алып сәби дүниеге келді

Бұл жас қостанайлықтардың отбасындағы үшінші бала

Қостанайда салмағы жеті келіге жуық алып сәби дүниеге келді
Фото: Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Қостанай қаласының перинаталдық орталығында салмағы жеті келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа туған сәбиге ата-анасы Рауан деген есім берді, ол жас қостанайлықтардың отбасындағы үшінші бала. Үйде үш жасар егіз әпкелері інісін күтіп отыр.

«Мұндай жүктілік мамандардан ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Баланың анасы БАҚ өкілдеріне аты-жөнін айтқысы келмеді, дегенмен перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі, өзіне және ұлына қамқорлық танытқаны үшін алғысын білдірді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Фотосуретте жаңа туған нәрестені Қостанай перинаталдық орталығының акушері Светлана Борисова көтеріп тұр.

Серіктес жаңалықтары