Толассыз жаңбыр су тасқынына ұласты: салдарынан бірнеше адам қаза тапты
Әкесі мен баласын көлікте отырған қалпында ағызып әкетті

Солтүстік Италия қатты жаңбыр мен су тасқынынан зардап шегуде, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асып, бүкіл аудандарды су басып жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елде ескерту жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Миланда ағын су көшелер мен үйлерді басып, кейбір елді мекендерді қиратып, жарықсыз қалдыруда.
Ауа райының қолайсыздығынан Турин маңындағы Монтеу-да По қаласында 92 жастағы бұрынғы ағаш ұстасы өз үйінде суға батып кетті. Виченца қаласында әкесі мен баласын көлігінде отырған күйіндеағызып әкетті.
Ал Туринде Италияның ең үлкен По өзені алаңдаушылық туғызуда. Қала орталығында су деңгейі шекті деңгейге жетті. Төтенше жағдайларды жою қызметтері жағдайды тұрақты бақылауда.
Қолайсыз ауа райы көршілес Швейцарияға да әсер етті, онда үздіксіз қар жауды.