19.04.2025, 04:24
Жаңалықтар
Абай облысында қар борап тұр: полиция өңір тұрғындарына үндеу жасады
Полиция жүргізушілерді алыс жолға шықпауға шақырды
Фото: istockphoto.com
Абай облысында қар борап, ауа райы құбылып тұр. Полиция департаменті өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының Полиция департаменті жүргізушілер мен өңір тұрғындарын қолайсыз ауа райына байланысты мынаны хабардар етеді:
«Облыс жолдарында қар жаууына және көріну қашықтығының төмендеуіне байланысты көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін.
Жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін, ара қашықтықты сақтауға, кенеттен маневр жасаудан бас тартуға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға шақырамыз», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)