«Өзімнің құқығымды қорғаймын»: танымал журналист экс-әйелімен соттасып жатыр деген сынға жауап берді
Ол өзіне қатысты жалған ақпараттар жиілеп кеткенін ерекше айтты
Тележүргізуші Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа бергені белгілі болған соң даудың ортасында қалды. Журналист жала жабылғаны үшін 1,5 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр және сол арқылы ақша таппақ болды деген айыптарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде Асхат Садырбай өзіне қатысты жалған ақпараттар жиілеп кеткенін ерекше айтты.
«Мен тек өзімнің құқығымды қорғаймын деп шештім. Сол себепті де заңға жүгіндім. Сотқа қайырылмауыма болмады. Ешкім ешкімді соттайын деп жатқан жоқ. Ешкім «Астарлы ақиқатқа» ақша өндіруді сұраған жоқ! Жеке өмірімді жұмыспен байланыстырып, сот арқылы ток-шоуға ақша өндіргелі жатыр деген тапсырыс постарды кейбір «блогерлер» жазыпты. Бұның бәрі жалған сөз, жалған ақпарат», - деді ол.