Астанада Қайсенов көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылатын болды
Әкімдік осыған қатысты түсініктеме берді

Астанада Қайсенов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты төрт айға жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жуырда «Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Қ. Қайсенов көшесінің құрылысы» жобасы басталады.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 20 сәуір мен 20 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен кварталішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген әкімдік хабарламасында.