Қазақ қызы әйгілі Je t’aime әнін қазақша орындап, жұрттың ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)
Қазақ қызы Лара Фабианның әйгілі әнін қазақ тілінде орындады

Әлемдік танымал әндерді қазақша орындап жүрген бойжеткен Мөлдір Байбуринова француз тіліндегі әйгілі Je t’aime әнін қазақ тілінде шырқады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мөлдір Байбуринова әнші Лара Фабианның белгілі Je t’aime әнін Эйфель мұнарасының алдында тұрып қазақ тілінде орындады.
«Арамыз алыстап, барады, белгісіз себеп.
Қайтсең де кешірер,
Күнәсіз сүйген бұл жүрек,
Еркелігіме де күлімдеп тамсанғаның,
Барады баурап, аңсағаным.Сүйем, сүйем,
Өмірімнің сырымен,
Көңілімнің бар мұңымен.Сүйем, сүйем,
Жаралы жүрегіммен,
Жалғыз бір тілегіммен,
Ессіз адамдай сүйем», - деп Мөлдір Байбуринова Je t’aime әнін қазақ тілінде орындады.
Желі қолданушылары қазақ қызының бұл әніне қатысты жылы лебіздерін білдірді.
«Лара Фабианмен міндетті түрде орындауыңыз керек», «Керемет», «Менің сүйікті әнім», «Өте керемет шыққан», «Денем тітіркеніп кетті ғой», «Күшті», - деп жазды желі қолданушылары.