Астанада жүрген 50-ге жуық шетелдік екі күн ішінде елден қуылды
87 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астанада екі күн ішінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қылмыскерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорданың полиция қызметкерлері екі күн жүргізген шара барысында 60-қа жуық қылмысты тіркеп, оның ішінде 35-ке жуығын «ізін суытпай» ашты, оның 20-дан астамы бейнебақылау камераларының көмегімен ашылды. Сонымен қатар сақшылар бұрын жасалған қылмыстарды ашты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды, есепте тұрған 4 адам ұсталды.
Есірткі құралдарын заңсыз сақтаған 3 азамат ұсталып, олардан табылған есірткі заттары тәркіленді.
Сондай-ақ құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары жалпы 1207 үйді, 1005 саяжай аумақтарын, 202 қараусыз қалған үйлерді, құрылыс алаңдарын, базарларды және 1216 жалға берілетін пәтерлерді тексерді.
87 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 47 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды.