16.04.2025, 21:18
Жаңалықтар
Қазақстандық бойжеткен Оксфорд университетіне оқуға түсіп, қуаныштан көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
Оксфорд 2025 жылғы рейтинг бойынша ТОП-1 орында тұр
Фото: Видеодан скрин
Қазақстандық бойжеткен Меруерт Бижанова Оксфорд университетіне оқуға түсіп, қуаныштан көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бойжеткеннің айтуынша, ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданды.
«Мен Оксфордқа докторантураға түстім. Әлемдегі ең беделді, танымал, ең үздік университет. Ол 2025 жылғы рейтинг бойынша ТОП-1 орында тұр.
Мұнда Стивен Хокинг оқыған, Гарри Поттер фильмі түсірілген, мұнда адамзаттың көзқарасын өзгерткен идеялар пайда болған.
Бұл университет Нобель сыйлығының иегерлерін көптеп шығарған, мұнда премьер-министрлер, философтар, жазушылар, ұлы ойшылдар білім алған», - дейді Меруерт Бижанова.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді