$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бай, әдемі адамдармен дос болыңдар»: Баян Алагөзова жас қыздарға ақылын айтты (ВИДЕО)

Продюсер қыздарға өздерінен табыстырақ адамдарға жақын болуды кеңес етті

«Бай, әдемі адамдармен дос болыңдар»: Баян Алагөзова жас қыздарға ақылын айтты (ВИДЕО)
Фото: Dina Tolepbergen/YouTube/Видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Алагөзованың жас қыздарға ақыл айтып тұрған сәтінен түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Продюсер дайындықтардың бірінде бойжеткен қыздарға өздерінен табыстырақ адамдарға жақын болуды кеңес етті.

«Білімді, талантты, әдемі, бай адамдармен дос болыңыздар. Осындай адамдармен дос болыңыздар. Олардың тек жақсы қасиеттерін сіңіріп аласыз. Өзіңізден жақсырақ, ақылдырақ, табыстырақ адамдармен дос болуға тырысыңыздар. Сонда бақытты боласыздар. Менің өмірлік тәжірибеме сенім артыңыздар», - деп Баян Алагөзова айналасына жиналған жас қыздарға ақыл айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне қатысты пікір білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары