$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында баласына 3 жылдан бері алимент төлемеген адам қылмыстық жауапқа тартылды

Оның қарызы шамамен 3 миллион теңгені құрады

Ақмола облысында баласына 3 жылдан бері алимент төлемеген адам қылмыстық жауапқа тартылды
Фото: freepik.com

Ақмола облысының Зеренді ауданында баласына 3 жылдан бері алимент төлемей жүрген адам қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қарыз шамамен 3 миллион теңгені құрады.

Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, борышкер бейресми жұмысқа орналасу арқылы өзінің нақты табысын жасыра отырып, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтаруды жалғастырды.

«Сот үкімімен борышкер ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 300 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, алименттік міндеттерді орындамағаны үшін  қылмыстық жауапкершілік көзделген», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары