$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді аяусыз соққыға жыққан: оған қатысты сот үкімі жарияланды

Ол баланы мойнынан, басынан, ернінен ұрған

Балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді аяусыз соққыға жыққан: оған қатысты сот үкімі жарияланды
Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысында балабақша тәбиешісі бүлдіршінді ұрып-соққанын видео болғанына қарамастан мойындамай қойған. Оған қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың мәліметінше, тәрбиеші балабақшада альбом парақтарына акварель бояулармен сурет салу сабағын өткізген. Осы кезде ол 2022 жылдың 12 тамызы туған М.-ның сурет салатын бояуды аузына салғанын көріп, сол қолымен оның ерін тұсынан ұрып жіберген. Әрі қарай, баланың басынан тағы ұрып, отырған орнынан тұрғызған. Кейін баланы мойын тұсынан ұстап, жуынатын бөлмеге апармақ болып, қатты итеріп қалғанда бала жерге құлаған. Содан соң ол баланы қолынан ұстап көтеріп алып, жуынатын бөлмеге апарған.

«Сот отырысында сотталушы айып бойынша кінәсін мойындамай, баланы құлаған соң тек орнынан көтергенде ғана мейірімсіздік танытқанын, баланы ұрмағанын айтқан.

Кінәсін мойындамауына қарамастан, Ш.-ның тағылған айып бойынша кінәсі зерттелген дәлелдемелермен, оның ішінде бейнебақылау камераларының видеожазбаларымен расталды.

Сот үкімімен Ш. ҚК-ның 140 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға 3 жылға тыйым салумен қоса, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына келтірілген моральдық зиян үшін 200 000 теңге өндірілді», - делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары