$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазТрансОйлдың» еншілес компаниясының бұрынғы басшылары 6,4 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында 1,1 млрд теңге сомаға күдікті адамдардың мүлкі анықталды

«ҚазТрансОйлдың» еншілес компаниясының бұрынғы басшылары 6,4 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын қайта жаңарту кезінде 6,4 млрд теңге сомасында мемлекеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұрлық жасады деп «ҚазТрансОйл» еншілес компаниясы – «Магистральдық су құбыры» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы күдікке ілініп отыр», – делінген хабарламада. 

Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында 1,1 млрд теңге сомаға күдікті адамдардың мүлкі анықталды, ол үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен қамауға алынды.

Іс сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары