14.04.2025, 13:33
Жаңалықтар
Алматыда тыйым салынған діни кітаптарды таратқандар ұсталды
Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр
Фото: Алматы қаласы ПД
Алматыда тыйым салынған діни кітаптарды таратып жүргендер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бір топ адам заңға қайшы әрекет жасап, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді, оның ішінде цифрлық ақпарат құралдарында материалдар таратқаны белгілі болды.
Жедел іс-шаралар барысында заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)