14.04.2025, 12:54
Жаңалықтар
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза болды
Көлік жол жиегіне соғылып, аударылып қалды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Алматының Алатау ауданында 14 сәуір күні таңертең жантүршігерлік жол апаты болып, кісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 4:50-де Такежанов көшесінде болған. Mercedes жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Ол жол жиегіне соғылған соң жол белгісін бұзып, артынша ағашқа соғылып, аударылып қалған
«Өкінішке қарай, осы апат салдарынан көліктің жолаушысы 25 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды. Жүргізуші қала ауруханаларының біріне жатқызылды», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша полиция сараптама тағайындап, қылмыстық іс қозғады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті