$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяда есірткі алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

29 жастағы қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған

Оңтүстік Кореяда есірткі алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы есірткі затын заңсыз тасымалдамақ болғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Инчхон халықаралық әуежайының кеден қызметі 9 сәуір күні 29 жастағы қазақстандық азаматқа қатысты тергеу аяқталғанын және іс сотқа жолданғанын мәлімдеді. Ол мефедрон деп аталатын есірткі затын елге кіргізіп, таратпақ болған.

«Тергеу дерегі бойынша, есірткі заты Украинадан пошта арқылы жөнелтілген. Контрабанда балауыз шамдардың ішіне жасырып, пластик пакетке оралған күйде жеткізілген. 61,5 грамм мефедрон тәркіленген», — делінген хабарламада.

Мефедрон – синтетикалық психостимулятор, Орталық Азияда метамфетаминнің арзанырақ баламасы ретінде белгілі. Оны «зомби-есірткі» деп те атайды, себебі ол адамның агрессивті әрекеттерге баруына себеп болады.

Ұсталған азамат Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген, әрі тергеуден жалтару үшін бірнеше рет жеткізу мекенжайын және байланыс деректерін өзгерткен. Алайда, кеден қызметкерлері оны елден ұшып кетуге әрекет жасаған сәтте ұстаған.

«Тергеу барысында ұсталған азаматтың тағы бір қазақстандықпен сөз байласқаны анықталған. Ол адам елден бұрын шығып кеткен, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жүр деген болжам бар. Ол 28 жаста және наурыз айында халықаралық іздеуге жарияланды», — делінген материалда.

Күдіктілер Оңтүстік Кореяда шетел азаматтары көп шоғырланған аудандарда есірткі таратпақ болған. Олар Telegram арқылы жеткізушімен байланыс орнатуды көздеген.

Серіктес жаңалықтары