11.04.2025, 10:46
Жаңалықтар
Талғар ауданының білім бөлімі 80-нен аса мұғалімнің ақшасын жеп келген
Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналары қайтарылды
Фото: istockphoto.com
Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстағаны анықталды. Олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар.
«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды.
Бұл түрдегі сақтандырудың азаматтардың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар екенін атап өту маңызды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)