Алматыда қаланың қақ ортасында көлігімен дрифт жасаған адам қамауға алынды (ВИДЕО)
Алматы полициясы дрифт әуесқойын қамауға алды
Алматыда қаланың Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында көлігімен дрифт жасаған адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Лексус» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар, ПД соңғы кезде, әсіресе, жас жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілеп кеткенін атап өтті.
Өкінішке қарай, адам көп жүретін көшелер мен халық көп шоғырланған жерлерде қауіпті маневрлер мен дрифттар жиі тіркелуде.
Мұндай әрекеттер тек заңсыз болып қана қоймай, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
«Алматы полицейлері барша жүргізушілерге, әсіресе жастарға үндейді: өмірмен әзілдемеңіздер – өзіңіздікімен де, басқалардікімен де. Жауапкершілікпен жүргізу – бұл заңды талап қана емес, бұл – қоғамдық қауіпсіздік мәселесі. Әрбір жолға шығу – жауапкершілікті арттыратын аймақ. Жақындарыңызды, жаяу жүргіншілерді, басқа да жүргізушілер туралы ойлаңыз. Біз ескертеміз: мұндай деректің барлығына Заң шеңберінде қатаң түрде шара қолданамыз. Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерiнiң сақталуын бақылауды күшейтiп, жол бойындағы бұзакылықтың кез келген көріністеріне қатаң жауап беретін болады. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қамқор болыңыз. Заң мен Тәртіп - қауіпсіз өмірдің негізі», – деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.