«Есеңгіреп қалдым»: Қарақат Әбілдинаны ақын қыз «лақтырып» кетті
Ол тойға келеміз деп уәде беріп тұрып, келмей қалған қонақтарына да ренішін білдірді

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында той қызықтарын бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тура кештің басталуына жарты сағат қалған кезде тойды жүргізу керек болған ақын қыз (атын айтпай-ақ қояйын) жай тілмен айтқанда, лақтырды. Келе алмайтынын айтып, бір шок қылды. Сөйтіп кештің тізгінін сіңілім Ақбота алды. Керемет жүргізді. Осы кеште асабалық тұсауы кесілді. Әр істің бір қайыры деген рас-ау?!», - деп жазды Қарақат Әбілдина.
Оның айтуынша туған күн кешінде қойылған сұрақтар мен ойындардың идеясын өзі ойластыратын көрінеді.
«Ондағы ойым — қазақ қызының жан-жақтылығын көрсету. Өзі батыр, өзі әнші, өзі ақын өзі сазгер, өзі аспаз әрі тапқыр дегендей. Топтық сайыс өте қызықты өтті. Апаларым әділ қазылық етті», - дейді ол.
Әнші сондай-ақ тойға келеміз деп уәде беріп тұрып, келмей қалған қонақтарына ренішін білдірді.
«Осы орайда айтқым келетіні: барлығымыз қонақ шақырамыз, күтеміз, ниеттенеміз – осындай жағдай үлкен бір өрескел қателік қой. Осы мәселені көп жан ойланса екен. Себебі адам келеді деп күтеді. Орнын белгілейді, ол енді айтпаса да түсінікті», - деп түйіндеді Қарақат Әбілдина.