09.04.2025, 22:14
Жаңалықтар
Биыл Астана халықаралық форумы демеушілер есебінен өткізіледі
Фото: gov.kz
Астана халықаралық форумы биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысынан кейінгі брифингте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген, алайда биыл бұл қаулының күші жойылған.
"Форумды ұйымдастыруға қатысты барлық шығын демеушілік жарналар арқылы жабылады және оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді