$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2019, 13:57
Жаңалықтар

Эссекс оқиғасы: «39 адамның өліміне көлік жүргізушісі айыпталып отыр»

Эссекс графтығында жүк көлігінен табылған 39 адамның өлімі бойынша 25 жастағы Солтүстік Ирландия тұрғыны Мо Робинсонға айып тағылды, деп жазды BBC news.

Эссекс оқиғасы: «39 адамның өліміне көлік жүргізушісі айыпталып отыр»
PA MEDIA

23 қазанда Грейс қаласының полициясы жүк көлігінен 31 ер және 8 әйелдің мәйітін тапқан болатын.

«Робинсонға адам саудасы, иммиграция және ақшаны жымқыру бойынша айыптар тағылған. Ол дүйсенбіде Челмсфорд сотына жауап беруге келеді», - деп хабарлады Эссекс полициясы.

Жалпы, аталған іске қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды.

25 қазанда адамдарды заңсыз тасымалдау және қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша Уоррингтон қаласының 2 тұрғыны және Солтүстік Ирландия азаматы Станстед әуежайында ұсталып, қамауға алынды.

Сенбі күні Дублин қаласында құрбандардың өліміне қатысы бар деген бесінші күдікті ұсталды. Мәлім болғандай, ол адамның басқа іске де қатысы болған.

Би-би-си тілшілері жүк көлігінде қайтыс болғандардың арасында Вьетнам азаматтары болуы мүмкін екенін айтқан еді. Жоғалып кеткен вьетнамдықтардың туыстары журналистермен хабарласып, істің мән-жайын түсіндірген.

Вьетнамдық БАҚ Эссекс оқиғасынан кейін шетелге кеткен 20 тұрғынның жоғалғанын мәлімдеді.

«Жоғалған кісілер 18 бен 45 жас аралығында болуы мүмкін. Біз полицияға олардың суреттерін бердік», - деп жазды VietHome сайты.

Лондондағы Вьетнам елшілігі осы оқиғаны қадағалап отырғанын және британдық билікпен байланыста екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары