06.04.2025, 17:46
Жаңалықтар
Өскеменде монша кешеніндегі өрт сөндірілді
Өрт шатыр бөлігінен басталған
Фото: ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Әл-Фараби көшесінде орналасқан бір қабатты монша кешенінде тіркелген. Өрт шатыр бөлігінен басталған.
«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынмен күресіп, 200 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)