06.04.2025, 17:15
Жаңалықтар
Қазақстандағы су тасқыны: өңірлердегі жағдай қандай
Кей облыстарда су тасқынының шарықтау кезеңі артта қалды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда көктемгі су тасқынына байланысты бірнеше өңірдегі су қоймаларынан су ағызу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 сәуірдегі мәлімет бойынша, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқынының шарықтау кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта мына су қоймаларынан су жіберілуде:
- Ақмола облысы: Астаналық су қоймасынан – 230,56 м³/с, Селетинскіден – 151,74 м³/с, Шағлыдан – 15,21 м³/с.
- Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен су қоймасынан – 450 м³/с, Бұқтырмадан – 436 м³/с.
- Абай облысы: Шүлбі су қоймасынан – 740 м³/с.
- Қарағанды облысы: Интумак – 8 м³/с, Самарқанд – 2 м³/с.
- Ұлытау облысы: Кеңгір – 234,8 м³/с.
- Солтүстік Қазақстан облысы: Сергеев – 1186,4 м³/с, Петропавл – 718 м³/с.
Су ағызу жұмыстары елдімекендерді су басудан сақтау үшін жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді