06.04.2025, 16:47
Жаңалықтар
Қызылорда – Павлодар тас жолында жол апатынан бір адам көз жұмды
Төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Фото: ТЖД
Қызылорда – Павлодар бағытындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы болып, бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 сәуір күні Chevrolet Cobalt автокөлігі 1153-шақырымда жолдан шығып, аударылып кеткен.
«Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазір жол апатына байланысты барлық мән-жайлар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді