$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қонаевта үйінің терезесінен вейп сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қонаев қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды

Қонаевта үйінің терезесінен вейп сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Видеодан скрин

Қонаев қаласында тыйым салынған вейп темекісін Telegram арқылы сатқан ер адамның үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы танымал мессенджер арқылы вейптер мен темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады.

Мониторинг барысында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Полицияның мәліметінше, ол тыйым салынған өнімдерді сатумен айналысқан.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Тыйым салынған темекі өнімдерін сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз», – деп атап өтті ведомство.

Серіктес жаңалықтары