$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты қатаң жазаланды

Олар 2025 жылдың қаңтар айында мас күйінде көлік жүргізген

Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты қатаң жазаланды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты қамауға алынып, жүргізу куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оларға қатысты әкімшілік істер қаралды.

«Сотта 2025 жылдың қаңтар айында қаладағы бір мекеменің маңында BMW X5 автокөлігінің иесі А. көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, оны масаң күйдегі жұбайы Б.-ға жүргізуге бергені анықталды», – деді соттың баспасөз қызметі.

Әйел азамат А. жұбайымен бірге дәмханада сыра ішкенін, кейін көлікті басқаруды күйеуіне тапсырғанын айтты. Ол көлік жүргізу куәлігін алмағанын, тек оқу кезеңінде жүргенін атап өтті. Сондай-ақ, олардың 2 және 4 жастағы екі баласы бар екені белгілі болды. Сот отырысында ерлі-зайыптылар құқық бұзушылық жасағандарын толық мойындады.

Нәтижесінде әйел азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 550 480 теңге (200 АЕК) мөлшерінде айыппұл арқалады. Азамат Б. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулылар заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары