$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан футбол федерациясындағы жемқорлық: Бәрменқұлов күдікті деп танылмаған

Оған айып тағылмаған

Қазақстан футбол федерациясындағы жемқорлық: Бәрменқұлов күдікті деп танылмаған
Фото: @a.barmenkulov/Instagram

Наурыз айының соңында Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған еді. Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұл іске Әділет Бәрменқұловтың қатысы бар-жоғын нақтылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметінше, ҚФФ-ның экс-басшылығы 3 миллиард теңгеден астам қаражатты тиімсіз пайдаланған. Ал Әділет Бәрменқұлов болса ҚФФ-ны 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қарашасына дейін басқарған.

Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарының айтуынша, бұл істе Әділет Бәрменқұловқа айып тағылмаған.

«Ол күдікті деп танылмаған, оған қатысты айып тағылған жоқ», - деп қысқа жауап берді Елемесов.

 

 

Серіктес жаңалықтары