02.04.2025, 17:49
Жаңалықтар
СҚО-да тәртіп сақшыларынан қашпақ болған жігіт мұздай суға түсіп кетіп көз жұмды
Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды
Фото: istockphoto.com
Петропавлда сәуірдің 2-сіне қараған түні құқық қорғау органдарынан жасырынған жас жігіт ұзақ уақыт суда тұрып қалғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Петропавлдағы Солнечный елді мекеніне жақын жерден ауыр гипотермия белгілері бар 21 жастағы жігіт табылды. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
«Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті тексеруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Жергілікті пабликтер марқұм жігіттің тәртіп сақшыларына ұсталғаннан кейін қашпақ болып, суы бар шұңқырға жасырынғанын жазып жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
