27.10.2019, 00:34
Жаңалықтар
Қанат Ислам жеңіске жетті
Қазақ боксшысы кәсіби бокста (26-0, 21 КО) әлі күнге жеңіліс тапқан жоқ
Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде Қанат Ислам WBO International белбеуін сақтап қалды. Барлығы 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді.
Бесінші раундта Қанат Ислам қарсыласына жойқын соққы жұмсап, Уолтор Каутондокваны нокдаунға түсірді. Бірақ намибиялық спортшы жекпе-жекті соңына дейін жалғастырды.
Бірнеше раунд бойы шетелдік боксшы басымдық танытқанымен, соңғы раундта отандасымыз бар күш-жігерін жинап, қимылын үдетті.
Қанат Ислам кәсіби бокста (26-0, 21 КО) жеңіліп көрген жоқ. Оның менеджері Нельсон Лопес. Қазақ спортшысы QAZAQ promotion компаниясымен келісім шартқа қол қойған болатын.
Көп оқылған
07.08.2026, 12:12
Қызғаныш қасіретке ұласты: Семей тұрғыны экс-жұбайын сойылмен ұрып өлтіргені үшін 12 жылға сотталды
07.08.2026, 08:29
Тойдан кейінгі жанжал: Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты
07.08.2026, 09:48
«Жәбірленуші болып қаламын»: жұбайының қазасынан кейін 8 ай өткен соң үйленген Әділет Зейнел істі соңына дейін жеткізетінін айтты
07.08.2026, 16:42
Қазақстанда жалған көлік нөмірін сатып келген схема әшкере болды
07.08.2026, 15:54
Білім грантының иегерлері анықталды: тізімді қайдан көруге болады