Нұр-Сұлтанда көмірдің бір тоннасы 12 мың теңгені құрайды – әкімдік

Жарияланған:
27.10.2019, 11:15

Қалада «қара отынның» тапшылығы жоқ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов көмір сатылатын орынға барып, бағасын бақылады. Қаланың әртүрлі бөліктерінде 11 орында көмір сататын 8 компания бар, көмірдің барлық түрлеріне бағалар бекітілген. Орташа құны жеткізуді қоспағанда - 12 мың теңгені құрайды деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмір бағасын көтермеуге және делдалдардың көмір компанияларымен келісіп сыбайласып кетуіне жол бермеуге тапсырма берген болатын. «Бек-Аида» ЖК сату менеджері Дулат Құсайынов атап өткендей, көмір сату орындарда жетіспеушіліктер қазір жоқ.

«Көмір сату компаниялары мен әкімдіктің көмірді алдын-ала сатып алу туралы уақтылы жүргізілген ақпараттық жұмысының арқасында ешқандай дүрлігу мен кезектер болмады. Тұрғындар көмірді жазда сатып ала бастады, қазір де келіп жатыр, көбісі алғашқы қарға дейін сатып алған. Бағалар бекітілген», - деді Д.Құсайынов.

Елордада жыл сайын кемі 500 мың тонна көмір тұтынылады. Бүгінге шамамен 250 мың тонна көмір жеткізілген. Көмірдің қоры 18 мың 300 тоннадан асады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов көмірдің бағасы мен сапасын бақылауда ұстап отыруды әрі қарай жалғастыра беру керектігін айтты. «iKomek109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жанында қауырт желі құрылды. Онда әр тұрғын сату орындағы көмірдің бар-жоғы, қанша қоры барын, бағасы мен түрлері туралы біле алады. Сондай-ақ, қаладағы көмірге қатысты ақпарат қалалық және аудандық әкімдіктердің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
VIP спикер 15 миллион теңге гонорар сұраған: «Almaty Invest» форумына қанша қаржы жұмсалады?
Қазақ-Қырғыз шекарасындағы Қордай бекеті 2020 жылы күрделі жөндеуге жабылады
Қытаймен трансшекаралық өзендер жөніндегі келіссөз қиын жүріп жатыр – Экология министрі

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов