$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында әкімдік қызметкері 5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Екі лауазымды тұлға тергеліп жатыр

Ақтөбе облысында әкімдік қызметкері 5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: © istockphoto.com

Ақтөбе облысында білім саласындағы жемқорлыққа қатысты жаңа деректер анықталды. Екі лауазымды тұлға пара алу және бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, тергеу облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты жүргізілуде. Ол мектеп директорларынан аттестациядан кедергісіз өту үшін пара алды деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта күдіктіге қандай көлемде заңсыз ақша берілгені нақтыланып жатыр.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің бас маманы 4,9 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол өз жалақысын негізсіз түрде жоғарылатып отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мұндай қылмыстарды болдырмау үшін бірқатар шаралар қолға алынғанын мәлімдеді.

»Қазір бірыңғай техникалық талаптарға сай бухгалтерлік бағдарламалар енгізіліп жатыр. Олар жалақыны негізсіз көтеру, «өлі жандарға» ақша аудару сияқты заңбұзушылықтарды болдырмайды. Сонымен қатар, «облачная бухгалтерия» жүйесі мемлекеттік органдар мен қазынашылық базаларымен біріктірілетін болады», – деп хабарлады агенттік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары