30.03.2025, 17:20
Жаңалықтар
Оңтүстік Кореядағы орман өртіне кінәлі болуы мүмкін адам ұсталды
Ол қайтыс болған туыстарына арнап дұға ету рәсімін өткізген
Фото: Yonhap
Оңтүстік Кореяда жойқын орман өрттерін тудырды деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap News Agency-ге сілтеме жасап.
«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 22 наурыз күні сағат 11:25 шамасында Ыйсон уезінде ер адам отбасы мүшелерінің қабіріне арнап дұға ету рәсімін өткізген. Сол кезде ол байқамай от тұтатып, өрттің таралуына себепкер болған», — делінген материалда.
Өрт құрғақ ауа райы мен қатты желдің әсерінен тез таралып, Андон, Чхондон, Йонъян және Йондо қалаларына жеткен. Оқиға салдарынан Солтүстік Кенсан провинциясында кемінде 26 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек