30.03.2025, 16:26
Жаңалықтар
Қазақстан мегаполистерінде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Елордада түнгі аяз сақталады
Фото: © istockphoto.com
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстан мегаполистерінде түнгі суықтар біртіндеп сейіліп, күн жылынады. Алайда Астанада түнгі үсік сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана
- 30-31 наурыз: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C.
- 1 сәуір: Күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C.
Алматы
- 30 наурыз: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел шығыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +10…+12°C.
- 31 наурыз: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.
- 1 сәуір: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C.
Шымкент
- 30 наурыз: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +17…+19°C.
- 31 наурыз: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +19…+21°C.
- 1 сәуір: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +21…+23°C.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауа райы жылы әрі тұрақты болады. Ал елордада түнгі аяз сақталғанымен, күндіз температура біртіндеп көтеріледі.
Көп оқылған
20.05.2026, 09:29
Алматыдағы клубтардың бірінде жартылай жалаңаштанған әнші аузына келген сөздерді айтты (ВИДЕО)
20.05.2026, 09:53
Қасымбек пен Головкин қол алысты: келесі жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтетін болды
20.05.2026, 15:30
Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда келе жатқан анасы мен баласын көлігімен басып кетті (ВИДЕО)
20.05.2026, 10:25
«Арсенал» араға 22 жыл салып, әрең дегенде Англия чемпионы атанды
20.05.2026, 10:32
«Қазақстан халық кеңесі туралы» конституциялық заң қабылданды: кеңес мүшелері тегін жұмыс істейтін болды
20.05.2026, 17:59
Оралда екі күнде екі жасөспірім суға ағып кетті