$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асты

3408 адам жарақат алды

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асты
Фото: Reuters

Мьянмада магнитудасы 7,7 және 6,4 болған жойқын жер сілкінісі салдарынан 1644 адам қаза тауып, 3408 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.

139 адам хабар-ошарсыз кеткендер тізіміне енген. Құтқарушылардың айтуынша, қираған ғимараттар мен қирандылардың көп болуына байланысты құрбандар саны әлі де артуы мүмкін.

«Құтқарушылар Мандалайдағы жағдайдың өте ауыр екенін хабарлады. Қаладағы көптеген ғимарат қираған, ауруханалар зардап шеккендерге толы. Дәрігерлер мен мейірбикелер жетіспейді, жарақат алғандардың саны артып келеді», — деп жазады басылым.

Көптеген тұрғын үйінділер астында қалып, аман қалу үшін күрескен. Қазіргі уақытта Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі  мен АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің себептерін зерттеп жатыр. Құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Серіктес жаңалықтары