28.03.2025, 17:32
Жаңалықтар
Қазақстанда наурыз айының соңғы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері кең антициклон елдің солтүстік, шығыс, орталық аймақтарына әсерін сақтайды, мұнда күн ашық болады деп күтіліп отыр.
«Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер ауа-райының тұрақсыздығын тудырады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, сондай-ақ тұман, желдің күшеюі күтіледі. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады деп болжануып отыр», - делінген синоптиктер болжамында.
Температуралық фон:
- Елдің батысында түнде 3 аяздан - 5-тен 5-15-ке дейін, күндіз 10-18-ден 12-25-ке дейін көтеріледі.
- Солтүстік-батыста ауа температурасының түнде 5 аяздан – 5-тен 1-8-ге дейін, күндіз 10-16-дан 10-20-ға дейін көтерілуі.
- Солтүстікте түнде 6 аяз-3 жылу, күндіз 7-15 жылу.
- Елдің орталығында түнде температураның шамалы көтерілуі 1-9 аяздан 5 аязға дейін-2 жылу, күндіз 4-12-ден 7-15-ке дейін.
- Шығыста түнде 2-15 аяз, күндіз 5-15-тен 10-18-ге дейін жылу көтеріледі.
- Оңтүстікте түнде 0-5 жылу, күндіз 12-18-ден 17-22-ге дейін жылу көтеріледі.
- Оңтүстік-шығыста түнде 10 аяз-3 жылу, күндіз 7-15-тен 12-22-ге дейін жылу көтеріледі.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
27.12.2025, 16:20
21 жасқа толмаған 19 мың адам микронесиесін төлей алмай жүр
27.12.2025, 06:01
ШҚО-да әйел адам мешіттерді тонап кетіп жүрген
27.12.2025, 08:50
Оралда науқас баласына жылдар бойы алимент төлемей келген ер адамның қарызы 9 млн теңгеге жетті
27.12.2025, 21:24
Алматы тауларында туристер жоғалды: тағы екі адамның мәйіті табылды