Алматыда өз үйінде есірткі сатып жүрген адам ұсталды
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – 49 жастағы ер адам
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өз пәтерінде есірткі сатып жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – 49 жастағы ер адам.
«Арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктіден өсімдік тектес зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ер адамның осы мекенжайда отбасымен тұрғаны белгілі болды, оның жанұясы қаскөйдің қылмыстық әрекетіне куә болған. Қазіргі уақытта есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Видео: Алматы қаласының Полиция департаменті