28.03.2025, 15:16
Жаңалықтар
Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді
Ол мұсылмандармен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті
Фото: AP Photo/Evan Vucci
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар өткізіп, мұсылман елдерінің өкілдерін қабылдады. Ол өз сөзінде 2024 жылғы президенттік сайлауда көрсеткен қолдауы үшін мұсылман қауымына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трамп өз әкімшілігінің басты мақсаттарының бірі – Таяу Шығыста бейбітшілік орнату екенін атап өтіп, бұл бағытта Авраам келісімдеріне сүйенетінін жеткізді. Сонымен қатар, президент әсіресе Мичиган штатында тұратын мұсылмандарға ерекше алғысын білдірді.
«Мен президент болып тұрғанымда, сіздерді әрдайым қолдаймын. Мұны білулеріңізді қалаймын», – деді Трамп.
Сондай-ақ, ол болашақта мұсылмандармен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін айтты.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
