Наурызда күрт өскен доллар құлдырап барады – сарапшылар себебін атады
Қазақстан қор биржасындағы сауданың алғашқы нәтижелері белгілі болды
АҚШ долларының орташа бағамы (USDKZT_TOM) қазіргі уақытта бір доллар үшін 402,79 теңгені (-5,77) құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұдан бұрын сарапшылар пандемия кесірінен тұралаған экономика, мұнай бағасының құлдырауы доллардың қымбаттауына әкеледі деп болжаған. Тіпті, 500-600 теңгеге дейін баруы ықтимал деген болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда доллар бағамы 500 теңгеге жете ме – сарапшылар пікірі
Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов Facebook парақшасында «көк қағаз» қазіргі уақытта неге әлсіреп кеткені туралы өз пікірімен бөлісті. Оның ойынша, қазір елде долларға сұраныс жоқ. Басқа елдермен шекара жабық болған соң, туристер тарапынан шетелдік валютаны сатып алу азайғанын айтады.
«Бұл Ұлттық банктің қажырлы еңбегінің қорытындысы емес, болмаса экономикамыз нығайып кеткен жоқ! Мұнай бағасы кереметтей көтеріле қойған жоқ Brent 37,69 $. Екі айдан аса валюта айырбастау пунктері жұмыс істеген жоқ және қазір АҚШ долларына деген Қазақстан азаматтарының тарапынан мүлде сұраныс жоқ. Бұрын жағдай бар кезде осы кезде қазақстандықтардың алды Түркия асып, соңы Америкада демалып жатар еді. Әрине, олардың қалталарын долларға толтырып баратыны анық. Мемлекет арасындағы шекаралар жабық, туризм тоқтап тұр. Сол себепті долларға сұраныс – нөл. Біздің теңгенің нығаюына осы көзге көрінбейтін фактор әсер етіп тұр»,- деп жазды ол
Еске салайық, 16 наурызда Қазақстанда доллар бағасы 380-нен 450 теңгеге бір-ақ көтерілді.