$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда микроқаржы ұйымы 120 мың теңге несие үшін кепілдікке 446 мың теңге алып отырған

Микроқаржы ұйымы берген несиесін 5 есе етіп қайтартып отырған

Алматыда микроқаржы ұйымы 120 мың теңге несие үшін кепілдікке 446 мың теңге алып отырған
Фото: Видеодан скрин

Алматыда микроқаржы ұйымы 120 мың теңге несие үшін кепілдікке 446 мың теңге алып отырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚМА мәліметінше, Алматы қаласы алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттері анықталды. «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«Төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды «KOKE.KZ», «TENGO.KZ», «HAVA.KZ» платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген. Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген.

Аталған қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған.

Мысалы, қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген. Осылайша, микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған», - делінген хабарламада.

Аталған заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде шығын келгені анықталды.

Серіктес жаңалықтары